«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 4 шілдеде сағат 09:00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Мырзакент кенті) Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы шақырылады.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылдың 4 шілдесінде сағат 08:30-дан бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:
1.Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсанындағы №24-149-VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Ақпарат беруші: Әбенов Шалхар, «Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.
2.Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін;
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Мақтаарал аудандық мәслихатына жазбаша, ресми сайтына және ауызша түрде Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі-80б, «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайына жолдаңыздар.
Телефон: (8-725-41) 22100, Мақтаарал аудандық мәслихатының ресми сайты-https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan maktaaral?lang=kk
Аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сарсекбаев