Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясын шақыру туралы

Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясын шақыру туралы

Кентау қалалық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс жиырма жетінші

сессиясын шақыру туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы 2025 жылдың 30 сәуірінде сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.

Күн тәртібінде: 

1) Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Кентау қаласы ауылдарының және елді мекендерінің шекараларын (шегі) белгілеу туралы;

3) Кентау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы;

4) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №176 «Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту» туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №177 «Кентау қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №178 «Кентау қаласы  әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

                        Кентау қалалық мәслихатының төрағасы                                                 Қ. Елеусизов