Хабарландыру!!! Кентау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу

Хабарландыру!!! Кентау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу

Кентау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы хабарландыру

           Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Кентау қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Кентау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін  сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды.  

          Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 14 болып белгіленді. Оның ішінде 4 (төрт) мүше мемлекеттік орган өкілдері қатарынан қалыптастырылады, 10 (он) мүше азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) конкурстық негізде қалыптастырылады. Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Кентау қаласының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 10-бабына сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

       2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

     Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат жоғарыды көрсетілген 3) және                       4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

      Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

  • «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бап 1-тармағында белгіленген

талаптарға сәйкес келмесе;

      2) «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

      3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

         Бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды. («Қоғамдық кеңестер туралы» Қ Р З  9 бап 5 тармақ)   Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына жазбаша түрде мына мекенжай бойынша:160400, Түркістан облысы,  Кентау қаласы, Абай даңғылы 15, Кентау қалалық мәслихаты, Кентау қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына немесе электронды түрде  Zhazira_seisekova@mail.ru электрондық поштасына жолданады.                    Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 10 ақпаннан бастап - 21 ақпанына (қоса есептегенде) дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс 13.00-ден 15-ке дейін.                                                      Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей қалалық мәслихаттан  немесе  3-56-72 телефоны бойынша қалалық  мәслихаттың бас маманы Сейсекова Жазира Сериковнаға, сондай-ақ қалалық мәслихаттың ресми сайтынан  алуға болады.                                                               

Кентау қаласының Қоғамдық

кеңесін қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының төрағасы                                             Мубаров Д.