Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс жиырма бесінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылдың 7 ақпанында сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы;
- Кентау қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов