Байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Кентау қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға (өтініштің электрондық нұсқасын https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kentau?lang=kk сайтынан алуға болады) сәйкес нысан бойынша байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті қалалық мәслихат аппаратына ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.Коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс тобына байқаушы бойынша ұсыныстарын қабылдау: хабарландыру 2025 жылдың 27 қаңтарынан бастап 5 жұмыс күні мерзімінде күнделікті 9.00 мен 18.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы. Кентау қалалық мәслихат аппаратының мекен-жайы: Кентау қаласы, Абай даңғылы 15, электрондық пошта m.dzhunusbekov@ontustik.gov.kz , құжаттарды қабылдауға жауапты М. Джунусбеков , телефон 3-56-72.
Қоғамдық кеңес туралы Нысан |
|
|
Кімге ______________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________