Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 39-ші сессиясын шақыру туралы

Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 39-ші сессиясын шақыру туралы

Кентау қалалық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс отыз тоғызыншы

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 3 наурызында сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.

Күн тәртібінде:  

1) Кентау қалалық мәслихатының 2025жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйегінде№178 «Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Кентау қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

  Кентау қалалық мәслихатының төрағасы                                 Қ. Елеусизов