Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отыз сегізінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың 13 ақпанында сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №82 «Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №214 «Кентау қаласының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Кентау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
5) “Кентау қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы” Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы №93 шешімінің күшін жою туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.