Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының
кезекті отыз алтыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті отыз алтыншы сессиясы 2025 жылдың 19 желтоқсанында сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
- «Кентау қаласының Ащысай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
- «Кентау қаласының Байылдыр ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
- «Кентау қаласының Хантағы ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
- «Кентау қаласының Қарнақ ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы»;
- Кентау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
- Кентау қалалық мәслихатының атқарылған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі;
- Кентау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов