Кентау қалалық депутаттары мен қала тұрғындарының назарына
Кентау қалалық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Кентау қаласы № 40 08 шілде 2025 жыл
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отызыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясы 2025 жылдың 14 шілдесінде сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.