Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс жиырма сегізінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы 2025 жылдың 12 маусымында сағат 16:00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы №162 «Кентау қаласының Ащысай ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы №163 «Кентау қаласының Байылдыр ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы №164 «Кентау қаласының Хантағы ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы №165 «Кентау қаласының Қарнақ ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Кентау қаласының қалаішілік және ауданішілік бағыттардағы автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті және сараланатын тарифті белгілеу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Қалалық мәслихат төрағасының м.а. Б.Жабанов