УАҚЫТША КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫ

УАҚЫТША КОМИССИЯ  ЖҰМЫСЫ
УАҚЫТША КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫ
 
Аудандық мәслихаттың І-тоқсандағы кезекті сессиясының күн тәртібіне «Сарапхана ауыл округі әкімінің есебі туралы» мәселе қойылған.
Мәселені жан-жақты қарап, зерттеп, сессияға қорытынды анықтама ұсыну үшін құрылған уақытша комиссия мүшелері Сарапханаға ауылына арнайы барып, ауыл әкімімен, аппарат қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп түрлі мәселелерді талқылады. Әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Ауыл көліміндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, Қаратас ауылдық емханасының ғимаратының күрделі жөндеу жұмысындағы кемшіліктерді қалпына келтіру туралы тиісті мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелерге ұсыныстар берілді. Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстары негізінен сапалы атқарылуда. Техникалар, құрылыс материалдары жеткілікті. Құрылыстар мен жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуын бақылауда ұстау, құрылысы аяқталған нысандарды қабылдап алған кезде жұмыстарды атқарған мердігер мекемелерге қатаң талап қою мәселелері тиісті бөлім басшыларына ескертілді.