Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан 

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 28 ақпан күні сағат 16.30-да Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 28 ақпан күні сағат 16.00-де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №23/143-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  3. Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» №13/92-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген  адамдарға әлеуметтік және өзге де  көмекті  ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» №6/38-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.  

                                                             

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.