Қазығұрт аудандық мәслихаты хабарлайды

Қазығұрт аудандық мәслихаты хабарлайды

 

                        Қазығұрт аудандық мәслихаты хабарлайды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комисияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.

  1. Қазығұрт аудандық сайлау комиссиясының «Қазығұрт ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2026 жылғы 01 шілдедегі №121 шешімімен төмендегі учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылды:

№307 учаскелік сайлау комиссиясы

(Өндіріс ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жаңатірлік» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А.Мұратов көшесі №7).

 Сайпов Сайдали Ергешович – «Жаңатірлік» жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Ат спорты – Көкпар федерациясы» ҚБ өкілі.

    

        Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 22 шілдесінен бастап 2026 жылғы 05 тамызға дейін:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

 Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi Қазығұрт ауданының аумағында тұруға тиiс.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 бабының 3 тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, учаскелік сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау жоғарыда көрсетілген мерзімде дүйсенбі — жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.

 

                          Қазығұрт аудандық мәслихаты

Калымбетов Тайбек Адилбекович – Қазығұрт аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қазығұрт ауылы,  Д.Қонаев көшесі, 95 үй.

Жауапты адам – ​​Абдикулов Болат Абжаппарович, каб. № 106, қалааралық телефон коды (8725 39), 2-19-74,  kazygurt.maslikhat@mail.ru

      Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандарының және сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштерінің үлгісі осы хабарламаға қоса беріледі.

Ескерту: Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттардың өтініштерінің, саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарының Үлгілері қоса беріледі.

 

 

Ұсынымдарға 5.1-қосымша

 

Нысан

 

                          Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы Т.Калымбетовке

  _____________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

_____________________________________________________

                                                                      (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

 

______________________________________________тұратын

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

____________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

Өтініш

Мен,___________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

________________________________________________________________(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы,  № _________  учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

 

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

2026 жылғы «____»____________                                    ______________________

                        (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _______ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер

 

__________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                   

 

әкесі

2.                   

 

анасы

3.                   

 

ұлы

4.                   

 

қызы

5.                   

 

ағасы

6.                   

 

әпкесі

7.                   

 

атасы

8.                   

 

әжесі

9.                   

 

немересі

10.               

 

жұбайы (зайыбы)

 

 

 

Қазығұрт аудандық мәслихатына

 
   

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы бойынша

 

       (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)     

 

                     сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну бойынша

 

_______________________________________________________________________________________________

 

         (саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық атауы және орналасқан жері)  

 

саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы

 

                                 

 

№ п/п

Учаске нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты

ЖСН

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жынысы

Ұлты*

Білімі (жоғары, арнайы орта, орта)

Мамандығы

Жұмыс орны

Лауазымы, қызмет телефоны

Үй мекенжайы, пәтер, телефон

Партия мүшесі болып табылады (атауын көрсету)*

Сайлау комиссияларындағы жұмыс тәжірибесі, жыл

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

 

№1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

и т.д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

    Уәкілетті адамның қолы                

 __________________

   

______________________

           

 

     

МО

             (жеке қолы)

   

             аты-жөні, тегі

             

 

Ескертпе:

                             

 

1. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзiнiң ұлтын және қай партияға жататынын немесе көрсетпеуге құқылы.

   

 

2. Ақпарат электрондық нысанда  және қағаз форматта тиісті мәслихатқа жіберіледі. Қағаз форматтағы мәліметтер тиісті жоғарыда аталған ұйымның мөрімен куәландырылады.

 

орын.:

                               

 

тел.: