
СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
14 шілде күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
№36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
№36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндамалар жасап, депутаттардың сұрақтарына нақты жауаптарын берді. Депутаттар аталған мәселелерді жан-жақты талқылап, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысының соңында аудан әкімінің орынбасары М.Беркінбай депутаттарға алғысын білдірді.