
Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2026 жылғы 14 шілде күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар отырысы 2026 жылғы 14 шілде күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
№36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
№36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.