СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Ағымдағы жылдың 30 маусым күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті қырық екінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
2. Қазығұрт ауданы ауылдық округтері әкімдерінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы.
3. Қарабау ауылдық округі әкімінің есебі туралы.
4. Инвестициялар тарту, ауданымыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
5. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округі, Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, Атажұрт елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
6. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/203-VIIІ «Қазығұрт ауданының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Қазақстан Респубикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сай, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті қырық екінші сессиясы шақырылды.
Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Тағаев Нұрлан Кенжеұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, кірістер басқармасының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша аудандық, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы қаржы бөлімінің басшысы С.Сайлауов, ал Түркістан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Н.Тағаев аудан, ауыл округ бюджеттерінің атқарылуына бағалау есебі туралы баяндама жасады.
Баяндамалар аудан және ауылдық округтердің бюджеттерінің 2025 жылы жұмсалған қаржылары мен атқарылаған жұмыстар баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселелерді талқылай келе тиісті шешімдер қабылданды.
Қарабау ауылдық округі әкімінің есебі туралы мәселе бойынша ауыл округі әкімі Ж.Әлімқұловтың баяндамасы жан-жақты талқыланып, ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берілді.
Инвестициялар тарту, ауданымыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәселе бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Қалдыкөзов баяндама жасады. Баяндама жан-жақты талқыланып, сессияда тиісті шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі Қызылқия ауылы округі, Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, Атажұрт елді мекендерінің шекараларын өзгерту және Қазығұрт ауданының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгеріс енгізу туралы мәселелер де талдап, талқыланып, депутаттардың қолдауына ие болып, тиісті шешімдер қабылданды.