
СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Үстіміздегі жылдың 18 наурыз күні күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті.
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәслихат төрағасы Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы баяндама жасап, мәслихаттың атқарған жұмыстарын баяндады. Қосымша баяндама жасаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сеңгірбаев Сейдулла Лесұлы мәслихаттың атқарған жұмыстарына жақсы баға берді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тұрақты комиссиялардың 2025 жылғы қызметіне де оң баға берілді. Қ.Абдалиев ауылдық округінің әкімі Мақсат Үмбеталиевтің баяндамасы тыңдалып, мәселені талдап талқылай келе есеп бекітілді.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясында «Ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың барысы туралы» мәселені талдап, талқылай келе, мәслихат депутаттары аудандық «Ветеринариялық қызмет» және «ветерианариялық инспекция» мекемелерінің басшыларының баяндамаларына, қойылған сұрақтарға берген жауаптарына қанағаттанбағандықтан мәселені әлі де зерттеп, зерделеу үшін сессияның қарауына ұсынбады.
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №37/220-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасады. Баяндамашы ауыл округтерінің бюджеттерінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Күн тәртібіне ұсынылған Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу мәселе бойынша жер қатынастар бөлімінің басшысы Әлсейітов Сәбит Ақылбекұлы түсінік беріп, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Аудан әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер де депутаттардың қолдауына ие болып тиісті шешім қабылданып, өзгерістер енгізілді.
Сессияда 9 мәселе бойынша шешім қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.