
Үстіміздегі жылдың 05 наурыз күні күні аудандық мәслихаттың «Бюджет және экономикалық даму жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Сессияның күн тәртібінде:
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасады. Баяндамашы ауыл округтерінің бюджеттерінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Күн тәртібіне ұсынылған Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауыл округі және Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы. мәселе бойынша жер қатынастар бөлімінің басшысы Әлсейітов Сәбит Ақылбекұлы түсінік беріп, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Сессия соңында аудан әкімі сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.