
Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылғы 05 наурыз күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 05 наурыз күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
№26/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.