СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Үстіміздегі жылдың 29 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың «Бюджет және экономикалық даму жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті.  

Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысып отыр.

Сессияның күн тәртібінде:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы.
  2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2025 жылы атқарған жұмысының есебі туралы.
  3. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы №25/152-VІІІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасады. Баяндамашы ауыл округтерінің бюджеттерінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді.  Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Күн тәртібіне ұсынылған басқа да мәселелер бойынша баяндамашылар депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Сессия соңында аудан әкімі сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.