Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына

Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына

       Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан  

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2025 жылғы            29 желтоқсан күні сағат 17.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт   ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 29 желтоқсан күні сағат 16.00- де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы.
  2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және

өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2025 жылы атқарған жұмысының есебі туралы.

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы №25/152-VІІІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.  

                                                            

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.

                                                                                

                                                                          

           Ескертпе:  Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.