СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Үстіміздегі жылдың 24 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың «Бюджет және экономикалық даму жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы және Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз алтыншы сессиясы өтті.  

Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, кірістер басқармасының басшысы және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысып отыр.

Сессияның күн тәртібіне 17 мәселе қаралды. Олар: 

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. Қазығұрт ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
  3. С.Рақымов ауылдық округі әкімінің есебі туралы.
  4. Қазығұрт ауданы бойынша ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар туралы.
  5. 2026 жылға арналған кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
  6. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №38/172-VІІ «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  9. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/91-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  11. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  12. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» №6/38-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  13. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы

«Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №10/62-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы

«Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №10/63-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қазығұрт ауданының Құрмет Грамотасымен наградтау туралы.
  2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  3. Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Қабылданған шешімдердің барлығы да өте маңызды, аудан халқының әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған шешімдер.

Атап айтқанда, 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы және Қазығұрт ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Сайлауов баяндама жасады. Баяндамашы мен басқа да бағдарлама әкімшілері депутаттарға қаралған қаржылардың мақсаты мен атқарылатын жұмыстар, күтілетін нәтиже туралы толық түсініктеме берді. Мәселелерді талдап талқылай келе, шешімдер қабылданып, ауданның 2026-2028 жылдардағы тыныс-тіршілігіне қаралған қаржылар мен Қазығұрт ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов және мәслихат депутаттары Ж.Сабитов, А.Молдасапаров жарыссөзге шығып, өз пікірін білдіріп, бірқатар ұсыныстар мен сын-ескертпелер айтты.  Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында аудан әкімі Исмалов Азизхан Әзімханұлы сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.