Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз алтыншы сессиясы 2025 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 24 желтоқсан күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Қазығұрт ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
- С.Рақымов ауылдық округі әкімінің есебі туралы.
- Қазығұрт ауданы бойынша ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар туралы.
- 2026 жылға арналған кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №38/172-VІІ «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/91-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» №6/38-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №10/62-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №10/63-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт ауданының Құрмет Грамотасымен наградтау туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.