СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ.

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ.
Бүгін 28 қараша күні Қазығұрт аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде мына мәселе қаралды.
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/143-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі «Қазығұрт аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/143-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасады. Баяндамашы және басқа да бөлім, мекеме басшылар аудан бюджетінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.