СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ҮШІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ.

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ҮШІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ.

25 қараша күні Қазығұрт аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды.

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қазығұрт ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

Күн тәртібіндегі «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасады. Баяндамашы және басқа да бөлім, мекеме басшылар аудан бюджетінің қаржылары мен атқарылатын жұмыстар туралы депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Мәселені талқылай келе бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі «Қазығұрт ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып тиісті шешім қабылданды.

Сессия соңында аудан әкімі Исмалов Азизхан Әзімханұлы сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.