ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі күні Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезекті отыз екінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер қаралды.
Тұрақты комиссияда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаев баяндама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндамашымен қатар, сол салаға жауапты бөлім, ммекеме басшылары жауап берді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша шешім жобасын әзірлеушілер түсінік беріп, сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясының қарауына ұсынылды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазығұрт ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы аудан әкімі Исмалов Азизхан Әзімханұлы баяндама жасады.
Есепті талқылау барысында мәслихат депутаттары Д.Көбеев, Н.Қадыров, А.Молдасапаров және мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов жарыссөзге шығып, ауданымызда атқарылған жұмыстарға өз пікірін білдіріп, бірқатар ұсыныстар мен сын-ескертпелер айтты. Аудан әкімі А.Исмаилов сұрақтар мен сын-ескертпе, ұсыныстарға толық жауап берді. Аудан әкімінің есебі туралы мәселе бойынша шешімнің жобасы шешімнің негізі болып, депутаттардың ұсыныстарымен толықтырылып қабылданды.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша да тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Исмалов Азизхан Әзімханұлы сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.