Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан халқының
назарына!
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 16:30-да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіні туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 16:00-де өткізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселе ұсынылады:
«2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №23/143-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат төрағасы
Т.Калымбетов
Ескерту: Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.