Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар, қала әкімінің орынбасары Т.Төлегенов, “Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің” басшысы М.Төлепов, «Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Қ.Мусағалиев, Түркістан қалалық орталық ауруханасының басшысы Б.Берденов, қалалық балалар ауруханасының басшысы А.Байсалов және “Санитас” емдеу-сауықтыру орталығы басшысының орынбасары қатысты.
 
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Қаладағы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу сапасы мен халықтың денсаулығын жақсарту бағытында атқарған жұмыстары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы;
2.Қала әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің» есебі;
3.“Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің” 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылған жұмыстары мен бөлінген қаржының тиімді игерілуі.
 
Отырыс барысында қатысушылар тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.