КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗЫНШЫ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясының отырысы өткізілді. Сессияға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық жасап, ашып,жүргізіп отырды.
Сессия отырысына Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Оразбеков Байдулла, Төлегенов Талғат, қала әкімінің аппарат басшысы Әлібеков Қуаныш сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.
✅Сессия отырысында күн тәртібінде 2
мәселе қаралды:
1.Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2.Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы мәселелері қаралды.
✅ Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.