Бүгін Түркістан қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан, қоғамдық кеңес мүшелері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде үш маңызды мәселе қаралды:
1️⃣ Түркістан қаласы әкімдігінің “Жер қатынастары бөлімі” және “Сәулет және қала құрылысы бөлімі” жанындағы кадастр бөлімінің халыққа қызмет көрсету деңгейін жақсарту бағытындағы жұмыстары туралы баяндама тыңдалды.
2️⃣ Түркістанға берілген ерекше мәртебеге сәйкес қалада болатын өзгерістер, жаңа құқықтар мен міндеттер туралы түсіндірілді. Бұл мәртебе өңірдің даму қарқынын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
3️⃣ Түркістан қаласы әкімі аппаратының “Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету” бөлімінің есебі тыңдалып, тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Түркістан қаласының өркендеуі жолында тиімді шешімдер қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылатынына сенімдіміз.