Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының отырысы өткізілді. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық жасап, жиынды жүргізіп отырды.
Атаулы жиында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Оразбеков Байдулла жәнеТөлегенов Талғат, қалалық мәслихат депутаттары және дербес бөлім басшылары қатысты.
1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы;
2. Түркістан қаласының «білім бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Түркістан қалалық учаскелік комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №12/53-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Түркістан қалалық мәслихатының төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі;
5. Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
6. Түркістан қалалық мәслихат аппаратының құрылымын бекіту туралы;
7. Түркістан қалалық мәслихатының және оның аппаратының 2025 жылға арналған шығындар сметасын бекіту туралы.