Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы
Қадірлі жерлестер, сіздерді келіп жеткен жаңа 2024 жылмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ-та бақытты ғұмыр, жаңа табыстар мен жаңа қуаныштарға жетуге тілектеспін.
Осы орайда, Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларды айқындап алудың сәті келіп отыр.
Осы жылдың 19 наурыз күні кезектен тыс ҚР Парламентінің және жергілікті мәслихаттардың сайлауы өткені өздеріңізге белгілі. Сол сайлаудың нәтижесінде сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына 18 депутат сайланып, 30 наурыз күні бірінші сессиясы өтіп, сол сессияда Түркістан қалалық мәслихаты құрылды, мәслихат төрағасы сайланды және мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылып, депутаттық фракция тіркелді.
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 18 депутат сайланған.
Оның ішінде:
Әйел – 1.
Ерлер-17
Қалалық мәслихатта 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Атап айтқанда:
Түркістан қалалық мәслихатында «Amanat» партиясының фракциясы тіркелген.
Жалпы, елдің алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік міндеттерді орындауға ықпал етуде мәслихат маңызды рөл атқарады. Осы бағытта наурыз айынан бері қалалық мәслихатта 12 сессия, 26 - тұрақты комиссиялардың отырысы өткізіліп, қаралған мәселелерге байланысты 56 шешім қабылданды.
Қабылданған шешімдерде қаланың негізгі – әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің қарқынын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, шағын және кіші кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық бағыттар қамтылып отырды.
Мәслихат депутаттары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан шығындарды жоспарлау барысында абаттандыру, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғын үйлердің ахуалы, тазалық, ауыз су, жол мәселелерін назардан шығармау, басшылыққа алуды үнемі бақылауда ұстап келеді.
Сессияға қатысты мәселелерден бөлек тұрақты комиссиялардың отырыстарында өз құзіреттері шегінде салаларға қатысты мәселелер қаралып отырды.
Мұнымен қоса 2024 жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлдіріп атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныстар енгізілді.
Халықпен кездесу
Түркістан қалалық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сайкес, қаламызда орналасқан 6 сектор тұрғындарымен жыл басынан бері 67 рет кездесу өткізген.
Мәслихат депутаттарының 2023 жылы өткізген қоғамдық қабылдауларына тоқталып өтейін, онда жалпы;
Жеке қабылдаулар мен кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша құзыретті органдарға шаралар қабылдау үшін тиісті хаттар жолданды.
Бүгінгі күнге дейін қалалық мәслихат депутаттары халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар мен жолданым хаттар жолдап, оның орындалуын үнемі бақылауда ұстап отырады.
Түркістан қалалық мәслихаты депутаттары тарапынан 2023 жылы жергілікті атқарушы органдарға 143 сауал, жолданым хаттар жолданды.
2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 65 өтініш келіп түскен. Оның: 28-сі орындалып, мәліметке алынды. 37-і заң бойынша негізінен қарау үшін тиісті мекемелерге бағытталды.
Депутаттардың барлығы біліктілігі мен тәжірибесіне қарай ел өміріндегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып, қаладағы көпшілік, қоғамдық, мәдени, спорттық, әлеуметтік ісшараларда белсенді жұмыс жасауда.
Қала әкімдігінің жанындағы барлық комиссиялар мен жұмысшы топтардың құрамына депуттар енгізіліп, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқарып келеді.
Мұнымен қоса,мәслихат депутаттары қалада өткізілетін түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шараларға белсене қатысып келеді, ол туралы арнайы ресми парақшаларымызда «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі мәслихаттың және депутаттардың жеке парақшаларында 350 жуық материал жарияланды. Жалпы, қалалық мәслихатта жұмыстар жоспарға сай іске асырылуда.
Алдағы уақытта қаладағы барлық секторларда әр айдың бірінші нсәрсенбісі күні тұрғындарды қабылдау-кездесу кестесі түзіліп,тұрақты түрде депутаттар тарапынан жұмыстар жүргізілетін болады.
Мемлет басшысы алдағы жаңа белестерді бағындыру мақсатында жасайтын қадам, қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге мүмкіндіктер мол екендігіне назар аударды. Қоғамымыздың барлық саласында жаңа көзқараспен жұмыс жасау міндеті тұр. Әлі алдымызда атқарылатын жұмыстар ауқымды. Ол жұмыстар жылдық жоспарымызда белгіленген.
Алдағы уақытта Әділетті Қазақстанды құру аясында халыққа жайлы орта қалыптастыру, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әділетті экономика құру сынды саяси-әлеуметтік бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысатын боламыз.
Түркістан қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ.Сарсенбаев