2023 жылдың 13-16 қазан күндер аралығында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Балуан Шолақ спорт кешенінде қазақ күресінен 2007-2008, 2009 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында халық қаһарманы Р.Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарыс бастау алды.
Республика көлемінде өтіп жатқан жарысқа Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Түркістан қаласынан 157-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жекелей сыңда ерлер 9 салмақ дәрежесі бойынша, қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз ара сыңға түсетін болады.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбие орталығының, спорттық іс-шараларды өткізу статистика және талдау бөлім басшысы Мухамадиева Мира Бекказқызы алғыс сөзін білдіріп жарысты ашып берді.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан қонақтар, Қоғам белсендісі Әлқожа Балқожаев, Түркістан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының спорт бөлім менгерушісі Оспанов Оразбай Қыдырбайұлы, Ақтөбе облысы бойынша қазақ күресінің аға жаттықтырушысы Естаев Жанболат Базарбекұлы спортшыларға сәттілік тіледі.