ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаттарының арнайы депутаттық сауалдары мен жолданымдарын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосу қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлының төрағалығында жүргізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Талғат Байжанұлы, Ерлан Бақытжанұлы мен Байдулла Жұмаділләұлы қатысты.
Қала тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер депутаттар тарапынан сауал ретінде тиісті бөлімдерге жолданған. Бірінші жартыжылдықта жіберілген сауалдардың маңыздылығына тоқталған депутаттар ең өзекті мәселелерді ортаға салды. Нәтижесінде әкім орынбасарларымен бірлесіп, ортақ шешімдер қарастырылды. Қаланың дамуы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін атқарылатын жұмыстар сараланды.