📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗ! 15 КІТАП. 6 АЙ. ЖАҢА БІЛІМ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК!

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗ! 15 КІТАП. 6 АЙ. ЖАҢА БІЛІМ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК!

Елімізде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны басталды. Жоба аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты жүзеге асырылады.

Егер сіз кітап оқуды жақсы көрсеңіз немесе оқуға жаңа дағды қалыптастырғыңыз келсе, бұл жоба – өзіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік! 📖

Не істеу керек?

🔹 Ұсынылған тізімнен қазақ немесе орыс тіліндегі 15 кітапты таңдап оқу;
🔹 Таңдалған кітаптарды 2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы наурыз аралығында оқып шығу;
🔹 Жобаға ресми платформа арқылы тіркеліп, марафонға белсенді қатысу.

🏆 Қатысушыларды не күтеді?

Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер арнайы дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Кітап оқу – білімді толықтырудың ғана емес, ой-өрісті кеңейтіп, жаңа дүниелерді танудың тамаша жолы.

📌 Марафонға қосылып, кітап оқитын ұлттың бір бөлігі болыңыз!

Толық ақпарат, тіркелу тәртібі және ұсынылған кітаптар тізімі:
www.reading-nation.kz