ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімінің орынбасарлары Бекбол Аманжол мен Мадияр Әліпов, қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.
Отырысты қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізіп отырды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол баяндама жасады. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Нұрлан Тағаев және қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары сөз сөйлеп, тиісті салалар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер⤵️
1. 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
2. Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту туралы;
3. Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №30/141-VIII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №13/63-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
6. Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
7. Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
8. Түркістан қалалық мәслихаты шешімдерінің орындалуы туралы.
Жиын қорытындысында Түркістан қалалық мәслихаты шешімдерінің орындалу барысы сараланып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен міндеттер белгіленді.