Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы қала әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Сессия отырысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Аманжол Бақытжанұлы, Мадияр Бақтыбайұлы, Әбілсейіт Байсейітұлы және қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы қатысты.
Сессия жұмысына қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер


Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/53-VII «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №38/173-VIII «2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия барысында депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.