Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 6 мамыр күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы Әмір Темір көшесі №28 ғимарат Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы.

Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

1.Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №38/173-VIII «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/53-VII «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.