Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 5 желтоқсанда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері қатысты. Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы С. Арыстанов жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес инфрақұрылым және коммуникациялар (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы А. Оспан баяндама жасады.

Сондай-ақ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде Ұ. Жамбылұлы, ал Құрылыс бөлімінің 2025 жылы жүзеге асырған жұмыстары туралы А. Ибрагимов баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.