2025 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:00-де әкімшілік залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі енгізілді. Атап айтқанда, инфрақұрылым және коммуникациялар (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) бағыты бойынша жоспар қаралып, Жолдар бөлімі тарапынан жылдық есеп тыңдалды.
Сонымен қатар алдыңғы шақырылымда себепті жағдайларға байланысты қатыса алмаған «Санитас» емханасының бас дәрігері аталған отырысқа қатысып, тиісті мәселелер бойынша пікірін білдірді.
Қоғамдық кеңестің отырысын төраға С. Арыстанов жүргізді.