
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік-медициналық сараптама бөлімінің ұсынған ақпараттары тыңдалды.
Бөлім басшысы Берік Искаков Тасмағанбетович қаладағы мүгедектігі бар азаматтардың саны, қайта куәландыру көрсеткіштері, мемлекеттік қызметтердің орындалуы бойынша деректерді баяндады.
— 2025 жылдың 1 қарашасында Түркістан қаласы бойынша 11 850 мүгедектігі бар адам тіркелген;
— Оның 14%-ы – балалар, 86%-ы – ересектер;
— 2025 жылдың 10 айында 3 325 мемлекеттік қызмет көрсетілген;
— Сонымен қатар, 2 622 адам қайта куәландырудан өтіп, 1 959 азаматтың мүгедектік тобы расталған.