ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
⚜️Түркістан қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы жоспарға сәйкес өткізілді. Жиынға қаламыздағы арнайы орта оқу орындарының директорлары, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э.Бейсенова, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы орынбасары Ә.Асанов, кеңес мүшелері және тиісті бөлімдердің жауапты мамандары қатысты.
📌Күн тәртібінде төмендегі негізгі мәселелер талқыланды:
1️⃣ Арнайы орта оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы, жартылай жетім және көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік гранттар саны бойынша есеп тыңдалды;
2️⃣ Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдың алғашқы 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы талқыланды;
3️⃣ Қаладағы пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ күрделі жөндеу шығындарын өтеу тәртібін бекітуге қатысты шешім жобасы қаралды.
✅Әр мәселе бойынша жауапты басшылар баяндама жасап, кеңес мүшелерінің қойған сұрақтарына нақты түсініктеме берді. Жиын барысында бірқатар өзекті ұсыныстар айтылып, оларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
📎Кеңес төрағасы Сүлеймен Тұрсымайұлы арнайы орта оқу орындарының кеңес отырысына қатыспаған басшыларының атына облыстық білім басқармасына ресми хат жолдауды ұсынды.
📄Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — арнайы орта оқу орындарының оқу жылына дайындығы — қоғам үшін маңызды болғандықтан, алдағы уақытта қайта қаралып, бақылауда ұсталады.
🌐 Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі мақсаты – қаладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешім қабылдауда ашықтық пен қоғамдық бақылауды күшейту.
Біз Түркістанның дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауды жалғастырамыз.