КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы қала әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Сессия отырысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және қала әкімнің орынбасары Рабаев Әбілсейіт қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков және Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Бердіқұлов қатысты. Отырысқа қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп, ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер⤵️
1. «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»;
2. ⁠Түркістан қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
4. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру жөніндегі ұсыныс енгізу туралы;
5. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/52-VIII «Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Түркістан қалалық мәслихаты төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі;
7. Түркістан қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
8. Түркістан қалалық мәслихатының және оның аппаратының 2026 жылға арналған шығындар сметасын бекіту туралы.
Сессия соңында мәселелерге қатысты мәслихат депутаттары жеті мәселені қолдап, Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Түркістан қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру жөніндегі ұсыныс енгізу мәселесі қайта зерделеніп толықтырылып нақтылану үшін күн тәртібінен алынып, алдағы уақытта қаралуы кейінге қалдырылды.