ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының мәжіліс залында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысты қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізді. Жиынға қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков, қалалық мәслихат депутаттары және тиісті дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасын талқылау болды. Сонымен қатар 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасы ұсынылып, оның басым бағыттары мен жоспарлары қаралды.
Қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысы Олжас Булегенов алдағы кезеңдерге арналған қаржылық жоспарды таныстырып, нақты түсініктемелер берді.
Бұл жиын Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезеңге сенімді қадам жасаудың алғышарты ретінде қаралып отыр.