КЕЗЕКТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Мәжіліс қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ұйымдастырылып, отырысқа мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев пен бөлім басшылары қатысты. Комиссия жұмысын Даурен Тәңірбергенов төрағалық етіп ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы болды. Қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол аталған бағытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарланған қаржыландыру көлемі жөнінде баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар ішкі саясат бөлім басшысы Шоқан Тоймахан және Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мусалиев салаға қатысты жоспарлар мен қаржылық қажеттіліктер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын барысында депутаттар өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстар берді.