ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгінгі Түркістан қалалық мәслихат мәжіліс залында комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары Бекбол Аманжол мен Рабаев Әбілсейіт, Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы және бөлімге қарасты мекеме басшылары қатысты. Отырысты мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізді.
Комиссия отырысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейсенова Эльмира, Түркістан қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы Аманжол Бекбол, Түркістан қаласының “Отбасы қолдау орталығының” Коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Досыбекова Мария, Түркістан қаласы әкімдігінің “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Даханова Гульжамал және Түркістан қалалық мәслихаты төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебін Ғаппар Сарсенбаев сөз сөйлеп, баяндама жасады.
Күн тәртібінде Түркістан қаласы әкімдігінің «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі, «2026- 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет» туралы қаралды.
Кездесу барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен сұрақтар көтеріліп, тиісті бөлім басшылары нақты жауап берді.