ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXV СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы қала әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Сессия жұмысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Әбілсейіт Рабаев пен Аманжол Бекбол, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім басшылары қатысты. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп, ашып жүргізді.
Сессияда Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда

1. 2018 жылғы шешімнің күшін жою туралы — Мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың бұрынғы әдістемесін жою ұсынылды;
2. Тұрғын үй сертификаттарына қатысты — Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі нақтыланды;
3. Салық мөлшерлемесін төмендету туралы — Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі шеңберінде салық мөлшерлемелерін төмендету жөніндегі ұсыныс қолдау тапты;
4. Қаланың бас жоспары — Түркістан қаласының жаңа бас жоспарының жобасы мақұлданды.
Сессия барысында депутаттар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қабылданған шешімдер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және Түркістанның тұрақты дамуына бағытталған.