ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
 
Түркістан қалалық мәслихатының «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика, ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссиясының кезекті отырысы мәжіліс залында өтті.
 
Жиынға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімінің орынбасарлары Әбілсейіт Рабаев және Аманжол Бекбол қатысты. Отырысты Мәди Аманжол жетекшілік етіп, қалалық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
 
Күн тәртібінде 2025 жылғы бюджеттің игерілуі және 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы қаралды. Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол баяндама жасады. Қаралған бөлімдер – Коммуналдық шаруашылық бөлімі, Құрылыс бөлімі, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Сонымен қатар тұрақты комиссия отырыстарының хаттамаларында көрсетілген ұсыныстардың орындалу барысы талқыланды