Түркістан қалалық мәслихатында кезекті отыз үшінші сессия отырысы өтті. Сессия отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қала дамуына қатысты есептер тыңдалды. Отырысқа Түркістан қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Рахымұлы төрағалық жасап, ашып, жүргізіп отырды.
Сессия отырысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және қала әкімінің орынбасарлары Мекенхан Қозыханұлы, Әбілсейіт Байсейітұлы және қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Түркістан қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің есепті мерзімде орындаған жұмыстары туралы есебі;
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «ішкі саясат» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
4. Түркістан қаласының «Білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылының қорытындысы және 2025-2026 оқу жылына дайындығы» туралы;
5. Түркістан қаласында жаңадан ашылған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.