ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
 
Бүгін Түркістан қалалық мәслихат мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті.
Жиынға Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Алибеков қатысып және Түркістан қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Тәңірбергенов төрағалық етіп, отырысты ашып, жүргізді.
Отырыста Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Қайрат Бердіқұлов баяндама жасады.
Күн тәртібінде:
Түркістан қаласында жаңадан ашылған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Талқылау барысында депутаттар баяндамашыға нақты сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Мәжілісте айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар тиісті түрде пысықталып, алдағы уақытта жұмыс барысында ескерілетін болды.